Қоғам • Бүгін, 18:01

Шымкентте інжу той иелеріне жаңа неке куәлігі берілді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалында 30 жыл бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен ерлі-зайыптылардың некесі салтанатты түрде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте інжу той иелеріне жаңа неке куәлігі берілді

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылды. Ата заң – мемлекетіміздің бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуші негізгі құжат, қоғам дамуының басты кепілі болып табылады. Осы ретте отау құрғандарына 30 тыл толған  інжу той иелеріне салтанатты түрде неке куәлігі табысталды.

АХАТ басқармасының басшысы Ақбота Карнакбаева ерлі-зайыптыларды мерейтойымен құттықтай келе, отбасы құндылықтарын сақтаудың маңыздылығы жөнінде атап өтті.

«Отбасы – қоғамның іргетасы. Конституцияның 30 жылдығы аясында біз тағы да отбасылық құндылықтардың мемлекет тірегі екеніне көз жеткіздік. Сіздердің баянды өмір жолдарыңыз жас ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге»,  деді басқарма басшысы ақжарма тілегін арнап.

Айта кету керек,  жыл басынан бергі 7 ай ішінде Шымкент қаласында 4 мыңнан астам неке тіркелді. А.Карнакбаеваның мәлімдеуінше, неке қиюға өтінімді азаматтар АХАТ бөлімдерінде немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн форматта бере алады.