Шаруашылық • 27 Тамыз, 2025

«Қазсушардың» техника паркі 31 пайызға жаңартылды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғалы «Қазсушар» РМК-ның техника паркін жаңарту жұмысы белсенді жүргізіліп келеді. Бүгінде жаңа құрал-жабдықтар мен автокөліктер кәсіпорынның барлық арнайы техникасының шамамен 31%-ын құрайды, деп жазады Egemen.kz.

«Қазсушардың» техника паркі 31 пайызға жаңартылды

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Бүгінде «Қазсушар» РМК филиалдары 524 жаңа арнайы техника алған. Кәсіпорынға жалпы 757 автокөлік пен құрал-жабдық беру жоспарланған. Министрлік ұсынған техникалар қатарында экскаваторлар, тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, самосвалдар, тартқыш көліктер, автокрандар, жанармай тасымалдағыштар, қосалқы құрал-жабдықтар мен дизельді генераторлар бар.

Арнайы техника паркін ауқымды жаңартуға дейін кәсіпорында 1 665 автокөлік пен құрал-жабдық болған.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша жаңа арнайы техника құрылыс-монтаж және жұмыстарын жылдам әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ су тасқынына қарсы күресті де жақсартады.

«Министрлік берген техника қазірдің өзінде тікелей мақсатына сай пайдаланылып, гидротехникалық нысандардың сенімділігін және ирригациялық каналдардың өткізу мүмкіндігін арттырып отыр», деді Н.Нұржігітов.

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20