
Фото: tazaqazaqstan.kz
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында мемлекеттік орман қоры аумағына 1 млрд 369 млн көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн данасы егілген.
Орман шаруашылығын тұрақты түрде дамыту мақсатында былтыр жыл соңында Қазалыда 33 га алаңға жылына 3 млн көшет беретін орман питомнигінің құрылысы аяқталған. Бүгінде агротехникалық талаптар ескеріле отырып, питомниктегі 10 га алаңға сексеуіл тұқымы егілді.
Бұдан бөлек, биыл аумағы 15 га питомникті жобалау және Аралдың құрғаған түбінде тікелей ұңғымыларды бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.