Энергетика • Бүгін, 12:20

Қысқа қажетті көмір қоры жеткілікті - министр

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігінің мәліметінше, алдағы жылыту маусымына қажетті көмір қоры жеткілікті. Министр Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында көмір өндіруші кәсіпорындар мен «Қазақстан темір жолы» өңірлерге жоспардағы көлемді тасымалдауға толық дайын екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қысқа қажетті көмір қоры жеткілікті - министр

Биылғы жеті айда елімізде 61,4 миллион тонна көмір өндірілген. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен халыққа – 2,2 млн тонна, энергетикалық кешендерге – 37,4 млн тонна, өнеркәсіптік кәсіпорындарға – 1,6 млн тонна, ал экспортқа – 18,2 млн тонна жөнелтілді.

Жалпы, алдағы қыста елімізге 7,7 миллион тонна көмір қажет. Қазірдің өзінде 2,2 миллион тонна жеткізіліп үлгерді, бұл жылдық жоспардың шамамен үштен бірі. Әкімдіктердің дерегінше, көмір сату орындарындағы қор 434 мың тоннаға жеткен.

Министрдің айтуынша, көмір өндірушілер мен теміржолшылар кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Сондықтан биылғы қыс мезгілінде өңірлерді көмірмен қамтуда мәселе туындамайды деп сендірді.