Шаруашылық • Бүгін, 09:53

Биыл елімізде крахмал-сірне зауыты іске қосылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа зауыт 150 мың тонна жүгері өңдейді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылған. Өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл елімізде крахмал-сірне зауыты іске қосылады

2025 жылы крахмал, сірне, тағамдық глюкоза, мальтоза сиропы, жүгері майы, глютен, кебек және түйіршіктелген құрамажемді қоса алғанда 20-дан астам өнім түрін шығару жоспарланған. Өндірісте тек генетикалық түрлендірілмеген жүгері пайдаланылатын болады.

«Жалпы инвестициялар көлемі 35 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның өнімдері ішкі нарықта да, сондай-ақ Азия мен Еуропа елдерінде де сұранысқа ие болады», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, жобаны іске асыру - Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтереді.