
HT.kz, Limpopotravel.kz және Қырғызстандағы Zyarat.kg туроператорларының мәліметінше, Мысыр билігі 21 жасқа дейінгі шетелдік туристерге қатысты жаңа шектеулер енгізіп жатыр. Бұл шектеулер Мысыр Сыртқы істер министрлігінің ішкі бұйрығына негізделген. Алайда қазіргі уақытта бұл ақпарат ведомствоның ресми сайтында жарияланбаған.
Туроператорлардың түсіндіруінше, кәмелетке толмаған туристер енді Мысырға келесі шарттармен ғана кіре алады:
-
Ата-анасымен бірге немесе кемінде біреуімен сапар шегуі тиіс;
-
Егер бала басқа туыстарымен (мысалы, әжесімен, әпкесімен) саяхаттайтын болса, келесі құжаттар қажет: ата-аналардан нотариалды куәландырылған келісім (орыс және ағылшын тілдерінде), туу туралы куәлік және онымен бірге жүретін адамның төлқұжаты.
2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап бұл талаптар Қазақстан азаматтарына да толықтай қолданылуы мүмкін. Ал Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтары үшін осындай ережелер 2024 жылғы 22 тамыздан бастап күшіне енген.