Ғылым • Бүгін, 09:45

Елімізде күріштің жаңа сорты шығарылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Сыр сұлуы» деп аталатын күріш сортын Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты сынақтан өткізіп жатыр. Жаңа сорттың ерекшелігі 105-110 күн ішінде пісіп-жетіліп, суды аз қажет етеді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде күріштің жаңа сорты шығарылды

«Сыр сұлуы» жергілікті ауа райы мен топыраққа толық бейімделген. Сондықтан барлық агротехникалық талап орындалған жағдайда гектарынан 80-85 центнерге дейін өнім алуға болады. 

Сонымен қатар ғылыми-зерттеу институты Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, венгрлік Water Retainer жаңа препаратын сынақтан өткізіп жатыр. Ол топырақтағы ылғалды ұзақ сақтауға көмектеседі. Биыл бұл препарат Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола және Жетісу облыстарындағы егістіктерде тәжірибе жүзінде қолданыла бастады.

«Бірінші сынақ кезеңінде төрт ғылыми-зерттеу институты қатысты. Сынақ нәтижесінде препарат күріштің өсу кезеңін қысқартып, суды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беретіні анықталды. Әдетте күрішке 90 күн бойы су жіберіледі, ал бұл препаратты қолданғанда бар болғаны 51 күн суару жеткілікті», деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылыми және инновациялық технологиялар департаменті директоры Ләззат Жүсіпова.