Денсаулық • Бүгін, 16:14

Өзгеге өмір сыйлаған еріктілер

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында ел Конституциясының 30 жылдығына орай «30 мерейлі күн» акциясы жүріп жатыр. Осы акцияның аясында «Өзгеге өмір сыйла» бастамасымен еріктілер қалалық қан орталығында қан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзгеге өмір сыйлаған еріктілер

Аталған іс-шараға қала тұрғындары мен еріктілер белсене қатысып, 70-ке жуық азамат донор болды. Жиналған қан қорын өміріне қауіп төнген науқастарға көмек көрсету үшін пайдалану көзделуде. Қалалық қан орталығы мамандары барлық қатысушыларға ризашылығын білдіріп, донор болудың – өзгеге өмір сыйлаумен тең екенін атап өтті.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша қан тапсыру – адам өмірін құтқаратын ең ізгі істердің бірі. Донордан алынған қан түрлі ауыр жарақат алған науқастарға, босану кезінде қиындыққа тап болған аналарға, қан жетіспеушілігімен ауыратын балалар мен ересектерге қолданылады. Бір ғана донордың тапсырған қаны үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сонымен қатар, қан тапсыру донордың өз денсаулығына да пайдалы. Бұл ағзаның қан айналымын жақсартып, жаңа қан түзілуін ынталандырады, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуға көмектеседі.

ШЫМКЕНТ

Соңғы жаңалықтар