
Қазақстандағы ипотека рәсімдеген азаматтардың жалпы саны 621 мың адамға жетті. Бұл жыл басынан бері 4%-ға өсім бар деген сөз. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ипотекалық портфель көлемі 6,9 трлн теңге.
Жаңа ипотекалық несиенің орташа сомасы 18,9 млн теңге болды. Бұл бір жылда шамамен 3 млн теңгеге артқан (2024 жылы – 15,8 млн тг).
Шағын қарыз алушылар орта есеппен 4,5 млн теңге несие алған.
Ірі қарыз алушылардың орташа сомасы шамамен 46 млн теңге.
Бір ипотекалық қарыз алушының орташа қалған қарызы 11 млн теңге шамасында.
Шағын ипотекалық қарыз алушылардың 10%-ы орта есеппен 1,1 млн теңге қарыз.
Ал ірі ипотекалық қарыз алушылардың 10%-ының қарызы 31,9 млн теңге, яғни шамамен 30 есе көп.