Қоғам • 21 Тамыз, 2025

Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі Ағымсалы Дүзелханұлы өмірден өтті

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелханов мезгілсіз дүниеден өтті. Қайғылы қазаны мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап, отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі Ағымсалы Дүзелханұлы өмірден өтті

Фото: мәдениет және ақпарат министрлігі

Ағымсалы Дүзелханұлы – бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған бірегей суретші. Ол шығармалары арқылы халқымыздың рухын, замана тынысын айшықтап, ұлттық өнеріміздің көкжиегін кеңейте түсті. Ұрпақ тәрбиесіне де өлшеусіз еңбек сіңіріп, талай жас суретшінің кәсіби жолын айқындауына жол ашқан.

Өмірден озғанына қарамастан, оның мол мұрасы мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгілік сақталады.