Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Әкім сайлауы – елдік жауапкершілік

40 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Бүгінгі Қазақстанның саяси жаңғыруы – мемлекетіміздің тұрақты дамуының белгісі. Кейінгі жылдары еліміздегі саяси-экономикалық реформалардың қарқынды жүруі ұлттық бірлігімізді бекемдеп, елдік сананың мықтап орнығуына әсер етті. Бұл орайда елдің саяси жүйесін трансформациялаудағы маңызды қадам саналатын аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға қол жеткізіп отырмыз.

Әкім сайлауы – елдік жауапкершілік

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауа­зымына кірісе сала алғаш­қы сөзін: «Еліміздің даму жо­лындағы осы маңызды мезетте бүкіл қоғам болып, өркендеген, демократия­лық, әділетті Қа­зақ­станды құру идеясының төңі­регіне топтасуы керек» деген болатын. Содан бері жасалған бүкіл реформа «әділдік» деген ұғымды тұғырнама етіп келе­ді. Осылай бұқара елдегі ре­фор­малардың мән-маңызын, ру­хани һәм экономикалық серпінін терең сезініп, халықтық әл-ауқаты артып, құқықтық саладағы санасы сілкіне бастады. Әділетті Қазақстан құру идеясы аясында заң шығарушы органның бақылау функциялары күшейіп, конституциялық негіздегі институционалды өзге­рістер жасалып жатыр.

Сол өзгерістердің басында аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың әкім­дерін сайлау бастамасы тұр. Себебі әкімдерді бұқараның таңдауы ел басқару үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етіп, сай­ланған шенеуніктердің халық ал­дын­дағы жауапкершілігін арт­ты­ра­ды. Сондай-ақ азамат­тар­дың мемле­кеттік басқару ісіне белсенді араласуына жол ашады. Бұл қадам мемлекеттегі демократиялық институттар­ды нығай­тып, жаңа саяси дәс­түрлер қалыптас­ты­рып, демо­кратиялық негізге сүйенген Әді­­летті Қазақстан құруға мүм­кіндік береді.

«Бүгінгі таңда Президен­тіміздің бастамасымен мемлекетті нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған саяси реформалар жүріп жатыр. Бұл бағытта әкімдерді халықтың таңдауы елдің саяси санасын жаңғыртып, әділетті қоғам құруға жол ашары анық. Демек, алдағы уақытта қоғам өмірінің барлық саласы мен саяси мәдениетіміз түбірімен өзгереді деген сөз. Ол өзгеріс тікелей халықтың араласуы­мен жасалып, әділет, ашықтық және жауапкершілік қағидат­та­рына негізделген ел дамуының жаңа моделін қалыптастырады», дейді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Сарапшылар әкімдерді тіке­­лей халықтың таңдауы ел басқа­ру ісінде бәсе­ке­лестікті арттырып, есеп беретін әкімдер инс­титутын қалыптастыратынын, бұл қа­дам жергілікті өзін-өзі бас­қару жүйесінің жұмысына қан жүгіртетінін айтады.

«Менің ойымша, Мемлекет басшысы уәде еткен саяси өзге­ріс­тер мен бас­тамалардың ең маңыздысы – әкім­дер сайлауы. Біріншіден, әкімдердің жо­ға­­рыдан тағайындалмай, ха­лық­тың таңдауымен сайлануы е­ліміз­дегі демо­кратиялық үрдістердің ілгерілеуіне, тиісінше жүйелі өзгерістерді тудыруға зор ықпа­лын тигізеді. Екіншіден, халық­тың сенімін арқалаған әкім бұқара­­мен күнделікті бетпе-бет кезде­сіп, олар­ды толғандырған мәселесін жедел ше­шуге тырыса­ды. Үшіншіден, бұл қадам билік органдарының жұрт алдындағы жауапкершілігін арттырды. Төртін­шіден, әкімдерді кез келген демократиялық процедураны ха­лықтың қалауына сай ұйым­дас­тыруға мүдделі етеді. Бесін­ші­ден, ауыл әкімдерін сайлау еліміз­де дамуы кенжелеп қал­ған азамат­тық қоғамды қалыптас­тыру­дың басты көрсеткіші болады. Ал­тын­шы­дан, халықтың саяси мәде­ние­тін өсіреді», дейді Ұлттық құрыл­тай мүшесі, заңгер Қазыбек Дәуітәлі.

Сондай-ақ сарапшы кейінгі жылдарда сайлау жүйесі демократия қағидаларына сай жаңартылғанын, бір мандатты сайлау жүйесі енгізіліп, соның нәтижесінде соңғы сайлауда Мәжілістің үштен бірі, облыстық мәслихаттардың тең жартысы, ал аудандық мәслихаттар толықтай – бір ман­датты округтерден сайланғанын айтты.

Саяси реформалар жүргізіп жатқан кезеңде бұқараның билікке, мемлекеттік органдарға деген сенім мәселесі өзекті екені анық. Бұл туралы Қ.Дәуітәлі: «Батыс саясаткерлері билік пен халық, бұқара мен әлеуметтік топтар арасындағы сенімді екі топқа бөліп қарастырады. Оның алғашқысы – вертикальды сенім. Бұл тікелей билік пен жалпы халық арасындағы сенімді сипаттайды. Ал екіншісі – горизонтальды сенім. Бұл сенім бұқара мен әлеуметтік топтарының бір-біріне деген өзара сенімін нығайтуды көздейді. Горизонтальды сенім мемлекет құраушы қазақ ұлты мен басқа этнос өкілдерін бір идеяға жұмылдырып, ұлтаралық қақтығыстардың болмауын қадағалайтын сипатқа ие болуы керек. Мемлекет басшысының бастамасымен жасалып жатқан реформалардан вертикальды сенімді ғана емес, горизонтальды сенімді де қалыптастыру мақсаты жатқанын аңғаруға болады. Бұл орайда саяси реформалар елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға басымдық беріп отырғанын байқаймыз. Мәселен, билік жемқорлықпен қарқын­ды күрес жүргізіп, кезінде өзде­рін халықтан биік санап, жалғанды жалпа­ғынан басқандар жазаланып жатыр. Бұл заң алдында барлық адамның бірдей екенін көрсетіп, Әділетті Қазақстанда заң құрығынан ешкімнің сытылып кете алмайтынын аңғартты. Яғни саясаттану ғылымындағы вертикальды сенімнің халықтың жүрегіне орнауына оң ықпалын тигізеді. Бұл орайда да әкімдер сайлауы сол сенімнің одан әрі нығая түсуіне септесуі керек», деді өз сөзінде.

Биылдан бастап «Қазақстан Рес­публика­сын­дағы жергілікті мемлекет­тік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес аудандық және облыс­тық маңызы бар қалалардың әкім­дері төрт жылдық мерзімге сайланады. Бұл сайлауда тиісті әкімшілік-аумақ­тық бірлікте тұратын, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары дауыс беруге құқылы. Сондай-ақ әкімдік лауазымға 25 жасқа толған Қазақстан азаматы кандидат ретінде тіркеле алады.

«Қазір кез келген адам үшін әділет деген ең қастерлі құнды­лық­тардың бірі саналады. Өйткені әділет болмаса, сенім де болмайды. Ұлт болып ұйысып, қоғам болып бірігу үшін халық ел басқару ісіне тікелей араласуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған мақсаты – қоғам өмірінің бар саласында әділеттің үстемдік құруы. Осы бағытта елімізде түбегейлі өзге­ріс­тер жасалып жатыр. Сіз бен біз бүгінгі таңда сол ауқымды рефор­ма­лардың нәтижесін көріп отыр­мыз», деді депутат Е.Бейсенбаев.

Мемлекет басшысы биыл «Ana tili» газетіне берген сұхбатында: «Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекет. Онда азаматтардың бәрі заң алдында тең болады, заңдарды, ережелерді және нормаларды қатаң сақтай отырып, жалпыға бірдей мүм­кін­діктерді толық пайдалана алады», деген еді. Президент айтқан азаматтарының бәрінің құқығы тең Әділетті Қазақстанды құру – бізге міндет. Ендеше, әкімдер сайлауы демократияға бастар жол екенін ешқашан да қаперімізден шығармауға тиіспіз.