Саясат • Бүгін, 15:50

Илон Маск 2028 жылғы сайлаудағы басты үміткерді таңдады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та саяси өмірге жаңа серпін бермек болған Илон Маск ойынан айнып, енді вице-президент Джей Ди Вэнске сенім артып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Илон Маск 2028 жылғы сайлаудағы басты үміткерді таңдады

Tesla компаниясының негізін қалаушы, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск бұған дейін «America Party» атты жаңа саяси партия құратынын жариялаған еді. Ол екі үлкен партияға балама күш ретінде 2026 жылғы сайлауға қатысуды көздеген.

Алайда ірі кәсіпкер бұл жоспарын кейінге ысырып, басты назарын өз бизнесіне аударуды шешті. Бұған қоса, Маск Республикалық партиямен ара-қатынасты бұзғысы келмейді. Себебі ол Дональд Трамптың серігі, қазіргі вице-президент Джей Ди Вэнсті 2028 жылғы президенттік сайлауда негізгі үміткер ретінде қолдауға дайын.

Журналистердің жазуынша, соңғы апталарда Маск пен Вэнс бірнеше мәрте кездескен. Маск енді өз байлығын жаңа партияға емес, Вэнстің саяси болашағына жұмсауды жөн көріп отыр.

Айта кетейік, 2024 жылы Маск Дональд Трамптың сайлауалды науқанына жүздеген миллион доллар бөлген болатын. Бірақ екеуінің арасында кейін келіспеушіліктер туындады.

Ал сарапшылар қазірдің өзінде Джей Ди Вэнсті Трамптың орнын басатын басты үміткер деп санайды. Соңғы сауалнамаларда ол 2028 жылғы Республикалық партия атынан сайлауға қатысушылардың көшбасында тұр.