Ғалам ғажаптары • 20 Тамыз, 2025

164 адамды құтқарған

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралияның Сидней қаласында, нақтырақ айтсақ, Тасман теңізі жағалауындағы биік жартас ма­ңында Дон Ричи есімді адам өмір сүр­ген. Осы биік жартасқа өмірден баз кешіп, жаны құлазыған адамдар жиі барады екен.

164 адамды құтқарған

Дон Ричи сол жартастың жанында тұрып, серуендеп жүргендерді бақылап отыратын. Егер біреудің өз-өзіне қол жұмсауға ниеті барын байқаса, қасына барып «Сізге көмектесе аламын ба?» деп сұрап, үйіне шай ішуге шақырады екен. Ресми дерек бойынша ол осылайша кемінде 164 адамның өмірін құтқарған.

 

Соңғы жаңалықтар