
Министр Жаслан Мадиевтің айтуынша, бұл тек бастамасы.
«Жобаның қорытындысын көріп, нәтижесін саралаймыз. Егер тиімді болса, басқа бағыттарға да енгіземіз», деді ол.
Қазір министрлік теміржол саласында бес бағытта цифрландыруды қолға алып отыр. Олар: мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру, бизнес-процестерді қайта қарау, инновациялық экожүйе құру, пойыздарды интернетпен қамтамасыз ету және транзиттік жүк тасымалын онлайн қадағалау жүйесін енгізу.
Айта кетейік, бұған дейін OneWeb спутниктік интернеті де сынақтан өткен. Ол Talgo пойыздарында – №3/4 (Астана – Алматы) және №67/68 (Астана – Өскемен) бағыттарында тексерілген. Арнайы қайта бапталған мультимедиялық жабдық арқылы жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейін жеткен, ал интернеттің кідірісі 70 мс шамасында болған.