Туризм • Бүгін, 08:05

Араб елдері қызығушылық танытып отыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз туризм саласында араб елдеріне жақсы танымал бағыт­тардың қатарына еніп келеді. «Khaleej Times» зерттеуі бойын­ша, Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындарының 60%-ы жаз­ғы ­маусымда шетелге саяхаттайды. Олардың көпшілігі от­ба­сылық демалысқа ыңғайлы, визасыз бағыттарды таңдайды.

Араб елдері қызығушылық танытып отыр

Сурет: sxodim.com

Трендтегі елдердің қатарына елімізбен бірге Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения кірген. Бұл мемлекеттер визалық режімнің қо­лайлығымен ерекшеленеді. «Gulf times» басылымы осын­дай, қысқа қашықтыққа саяхат­тау­­дың танымалдылығы арта түске­нін жазады. Оның ішінде экспатрианттар арасында виза­лық жеңілдіктер ұсынатын елдерге баруға сұраныс көбейген. Сол тұрғыда, біздің елден бөлек, Грузия, Әзербайжан, Мысыр, Иорданияға сапар туристерге танымал бола түскен.

Жақында жазғы маусымда баруға болатын 15 трендтік ба­ғыт жария етілді. Еліміздің БАӘ туристері арасында таны­мал болуына мәдени мұра мен табиғи ландшафттардың алуан түрлілігі, ең бастысы, қолже­тімділігі әсер еткен. «Middle East Economic» басылымында еліміз Орталық Азиядағы ең ірі зама­науи қала­лар мен біре­гей табиғи ландшафтар­дың, бай мәдени мұра­ның орта­лы­ғы ре­тінде сипат­талған. Елор­да­мен қатар Алма­тыдағы «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау ку­рорты, «Шарын» шатқалы, «Көл­сай» көлі­нің тартымдылы­ғы ту­ралы жазылған. Осыған қоса «Ал­тын-Емел» ұлттық паркі, Түркіс­тандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жазғы мау­сым­­да саяхаттауға қолайлы бағыт­тардың қатарына енген.