
Министр «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс қорыту зауытында катодты мыс, алтын, күміс, қорғасын және күкірт қышқылы өндірілетін мыс концентраттарын өңдеудің өндірістік циклімен танысты.
Кәсіпорынның қуаттылығы электр балқыту технологияларын қолдану арқылы жылына 600 мың тонна шихтаны (200 мың тонна мыс) өңдеуге мүмкіндік береді.
Мыс қорыту зауыты қала құраушы кәсіпорын ретінде облыстың және металлургия өнеркәсібінің әлеуметтік-экономикалық дамуында шешуші рөл атқарады.
2025 жылғы жеті айда зауыт 92 мың тонна катодты мыс қорытты. Сондай-ақ жергілікті жеткізушілер мен өндірушілерден қосалқы материалдарды сатып алу үлесін арттыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Министрге «Жезқазғанредмет» РМК-да шикізат пен сирек металдарды өңдеудің технологиялық үдерісі таныстырылды. Биыл зауытта екі жылдық жаңғырту басталды, бұл кірісті 2,6 есеге, өнім шығаруды 2,7 есеге арттырып, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапаға қол жеткізуге және өндіріс бойынша әлемде екінші орынға шығуға мүмкіндік береді.
Е.Нағаспаев жеке қорғану құралдарын, оның ішінде респираторлар мен ауыстырылатын сүзгілері бар жартылай маскалар шығаруға маманданған «Ulytau Industrial Company» ЖШС жаңа зауытында да болды.
Жобаның құрылысы 2024 жылдың мамыр айында, өндіріс сол жылдың желтоқсан айында басталды. Өнімнің алғашқы тапсырыс берушісі «Қазақмыс» корпорациясы болды, онымен ұзақ мерзімді офтейк келісімшарты жасалды.
Заманауи өндірістік желілер бізге халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына толығымен сәйкес келетін жылына 6 млн-ға дейін респиратор шығаруға мүмкіндік береді. Болашақта жеке қорғаныс құралдарының 10 түріне дейін өнім желісін кеңейту, сондай-ақ ауыстырылатын сүзгілері бар жартылай маскалар шығару желісін іске қосу жоспарлануда.
Сапар соңында Ерсайын Нағаспаев облыстың өнеркәсіптік әлеуетін нығайту үшін өндірістік қуаттарды жаңғыртудың және қосылған құны жоғары өнім шығаруды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Ұлытау облысы