
Фото: kbf.kz
Ганада өткен бәсекеде қазақстандық жұп жарқын ойынымен, табандылығымен және жоғары шеберлігімен ерекшеленді. Дмитрий Панарин мен Махсут Тәжібуллаев төзімділік пен тактикалық шебер ойлаудың арқасында жүлдегер қатарынан көрініп, қола медальді қанжығалады.
Бұл жүлде тек спортшыларымызың жеке жетістігі емес, сонымен қатар Қазақстандағы бадминтонның дамуына қосқан маңызды үлесі. Осы орайда Қазақстан Бадминтон федерациясы Дмитрий мен Махсутты лайықты жеңісімен құттықтап, спортшыларды дайындауда үлкен үлес қосқан бапкерлік құрамға алғыс білдірді.