Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Жүргізушісіз жүк көлігі

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алғаш рет «Navio» автономды жүк көлігі 1600 шақырымдық жолды небәрі 24 сағатта жүріп өтті.

Жүргізушісіз жүк көлігі

Жүргізушісіз көлік Санкт-Петербургтен Қазанға дейін М-11 «Нева» және М-12 «Восток» трассаларымен жүрген. Компанияның айтуынша, бұл көлік кәдімгі жүргізушісі бар техникадан 2,5 есе жылдам қозғалған. Өйткені жүргізушілер жолда міндетті түрде демалады. Ал кабинада қауіпсіздік үшін инженерлер отырған. Олар жүйені бақылап, оқыс оқиға бола қалса, жылдам әрекет ету үшін тәулік бойы кезекпен жұмыс істеген.