Отбасы • Кеше

Атырауда 9 ата-ана 46 млн теңге алиментін төлемеген

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында ұзақ уақыт бойы балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамаған тоғыз ата-ана анықталды. Қарыздың жалпы сомасы 46 миллион теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда 9 ата-ана 46 млн теңге алиментін төлемеген

Атырау облысының прокуратурасынан мәлім еткендей, барлық дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеді.

«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокурорлардың басты назарына алынды. Екі борышкер 12,9 млн теңге көлемінде алимент төлемегені үшін сотталды. Оларға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Басқа ата-аналарға қатысты тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Прокуратура ата-аналық міндеттерін орындамау тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапқа әкеп соқтыратынын ескертеді», деп хабарлады облыстық прокуратурадан.