Парламент • Бүгін, 15:30

Мәжіліс депутаты Ұлытаудағы жолдардың сапасын тексерді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдин «Жезқазған - Қызылорда» тас жолының жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты Ұлытаудағы жолдардың сапасын тексерді

Фотолар: Мәжілістің Баспасөз қызметі

Аймақта «Қызылорда - Жезқазған» автожолының 200 шақырымнан астам бөлігі реконструкциядан өтіп, жұмыс барлық учаскеде жүргізіліп жатыр. Кейбір учаскелерде уақытша айналма жолдар арқылы қозғалыс ашылды, жаңа жолдың алғашқы шақырымдары төселіп, су өткізгіш құбырлар мен көпір тіректері орнатылып жатыр. Шымтезек, битум және басқа да құрылыс материалдарының Қазақстандағы карьерлер мен зауыттардан жеткізілуі қолға алынған.

Ерболат Сатыбалдин жөнделіп жатқан жолдардың сапасы мәселесін жеке бақылауына алып, мердігерлерге жұмыс қарқынын жеделдету қажеттігін айтты.

Мәжіліс

Мәжіліс депутаты тұрғындармен кездесуде заңнамалық деңгейде атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айтып берді. Қазіргі таңда маңызды заң жобасы қарастырылып жатыр. Депутаттар ақылы жолдардан түскен қаражатты тек сол жолдарды жөндеуге ғана емес, халықаралық және республикалық маңызы бар тегін трассалардың жай-жапсарын жақсартуға да бағыттауды ұсынады.

«Егер бұрын ақылы жолдардан түскен қаражат тек сол жолдардың жөндеу жұмыстарына ғана жұмсалса, енді ол бүкіл инфрақұрылымның дамуына пайдаланылады. Сонымен қатар автокөлік иесі ақылы жолға берешегі болса, көлікті сата алмайды немесе қайта тіркей алмайды. Жүргізушілер мен тасымалдаушылардың бірінші санаттағы ақылы жолдар сапасына қатысты шағымдарын тыңдасаңыз, заң жобасының маңызы айқын көрінеді. Жүргізушілер ақылы жолды уақытылы төлесе де, жол сапасының төмендігі салдарынан көлікті жөндеуге қосымша шығындануға мәжбүр болады. Егер бұл қаражат тегін жолдарға бағытталса, сапа стандартын арттыруға және халықтың жол сапасына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді», деді Е.Сатыбалдин.

Мәжіліс

Жалпы, өткен жылы өңірде 162 км жол салынып, жөндеуден өткен. Осы жылдың соңына дейін «Қызылорда - Жезқазған» трассасының 100 шақырымын реконструкциялау, «Ұлытау - Арқалық» автожолын орташа жөндеу және 148 шақырым жергілікті жолдарды қалпына келтіру жоспарланып отыр.