Кино • Бүгін, 08:00

Нью-Йорк фестивалінде жүлделі болды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

31 шілде мен 10 тамыз аралығында Нью-Йоркте беделді кинофестиваль – XXXXVIII «Asian American International Film Festival» өтті. Биыл фестивальдің деректі кино бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінен 12 картина ұсынылған және оның үшеуі ғана аталымға ілікті.

Нью-Йорк фестивалінде жүлделі болды

Отандық «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» атты деректі фильмі «Sikay Tang Critical Lens Award» жүлдесін жеңіп алды. Бұл сыйлық көрнекті режиссер және монтаж шебері Сикай Тангтің құрметіне аталған. Әлеуметтік және мәдени тақырыптарды терең зерттелген деректі картиналарға беріледі. Жүлде небәрі екінші жыл табыс­талып отырғанымен, AAIFF де­ректі бағдарламасының ең бедел­ді марапаттарының бірі саналады.

Режиссер Алина Мұстафи­наның туындысы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қол­дауымен түсірген. «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» картинасында үш буын өкілі автобиографиялық сапарға аттанады. Әйелдер Қазақстаннан Татарстанға, кейін Польша асып түп-тамырын, ата-бабасын іздейді.

Бұл жоба бұған дейін де ха­лықаралық деңгейде бағаланған. Туындының Пусан халықаралық кинофестивалінде әлемдік премьерасы, Турин кинофестивалінде еуропалық премьерасы өтті, «Бастау» фестивалінде (Қазақстан) «Үздік дебют» жүлдесін алды, Тегерандағы «Cinema Verite» фес­тивалінде «Үздік фильм» Гран-приін иеленді. Сондай-ақ «Bolzano Film Festival Bozen» (Ита­лия) және «ORAI Festival» (Абай, Қазақстан) арнайы көрсе­тілімдеріне ұсынылды.

Айта кетейік, AAIFF 1978 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Азиялық және Азия-америкалық кинематографис­тер үшін маңызды алаң саналады. Бұл фестиваль әлемге ерек­ше оқиғаларды көрсетіп, жаңа­ша көркемдік көзқарас қалып­тастырады.