
Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трампты бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы үшін қолдаған шетелдік көшбасшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы басылым Ақ үйдің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
Трамптың кандидатурасын Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Камбоджа премьер-министрі Хун Сен, Габон президенті Брис Оли Нгуема, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Руанда сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирехе қолдады.
Бұған дейін Камбоджа премьер-министрі Хун Манет АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығымен сіңірген еңбегін мойындауды ұсынған болатын. Хун Манет Трампқа Камбоджа-Таиланд жанжалына араша болғаны үшін алғыс айтып, оның бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайтуға қосқан тарихи үлесін атап өтті.