Аймақтар • Кеше

Атырауда 6 айда тұтынушылардың 24,6 млн теңгесі қайтарылды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында жыл басынан бері сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардан 470-ке жуық шағым түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 6 айда тұтынушылардың 24,6 млн теңгесі қайтарылды

Департамент басшысы Самат Ембергеннің дерегіне қарағанда, шағымның басым бөлігі бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету, туристік және байланыс саласындағы түйткілге қатысты болған. 

«Жоспардан тыс 55 тексеру нәтижесінде 27 кәсіпкерге шара қолданылып, жалпы сомасы 2,4 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Тұтынушыларға 24,6 млн теңгесі қайтарылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері «Сауда қызметін реттеу туралы» заң талаптарын бұзған 40 кәсіпкерлік субъектісіне тексеру ісі ашылды. Оның ішінде 16 кәсіпкерге айыппұл салынып, жетеуіне ескерту берілді. Бағаны тұрақтандыру үшін жергілікті өндірушілерге 294 сауда орны тегін ұсынылды», дейді Самат Емберген.

Оның айтуынша, «Сарайшық» базары мен «Мұнайшы» стадионы маңында апта сайын азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі. Жыл басынан бері 100-ден астам жәрмеңке ұйымдастырылған.