
Halyk Finance аналитикалық орталығының мәліметінше, жеті айда жаңа пәтерлердің бағасы орта есеппен 7,1%-ға, ал екінші нарықтағы тұрғын үй 6,3%-ға қымбаттады.
Жаңа тұрғын үйлер ішінде ең көп қымбаттаған қала – Павлодар. Мұнда жыл басынан бері бірден 18,9%-ға өскен. Дегенмен, шілде айында баға өзгермеген. Пәтерді жалға алу құны болса, аса қатты секірмей, 2,3%-ға ғана көтерілді. Сарапшылар биылғы жылдың соңына дейін баға қайтадан жедел өседі деп болжайды.
Екінші нарықта жағдай әртүрлі. Мысалы, Қарағандыда жыл басынан бері баға 0,1%-ға, Қонаевта 1%-ға төмендеген. Ал Алматыда керісінше тұрақты өсім бар. 17%-ға қымбаттады. Ел бойынша орташа өсім 6,3% шамасында, бұл салыстырмалы түрде баяу қарқын саналады.
Мамандардың айтуынша, қазіргі бәсеңдеу – уақытша құбылыс. Жыл соңына қарай құрылыс материалдары мен сұраныстың артуына байланысты тұрғын үй бағасы қайтадан жылдам өсуі мүмкін.