Күрес • Бүгін, 11:44

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 7 медаль жеңіп алды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Гран-при халықаралық турнирі мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола, барлығы 7 медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандық балуандар халықаралық турнирде 7 медаль жеңіп алды

Фото: Qazsporttv

Қазақ балуаны Демеу Жадраев (77 келіге дейін) барлық белдесуде жеңіп, чемпион атанса, 67 келі салмақ дәрежесінде белдескен Багдат Сабаз да  қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдегер атанды.

Күміс жүлдені – Ербол Камалиев (60 кг дейін) пен Омар Сатаев (82 кг дейін) иеленді.

Ал Айбек Сабырбеков (60 кг дейін), Асаухат Мұхамадиев (63 кг дейін)  Мейіржан Шермаханбет (67 кг дейін) үшеуі үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді.