Қоғам • Кеше

Балқашта 8 жастағы баланы ұрған айыпталушы тағы екі айға қамауда болады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Балқаш қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге қатысты қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды, деп жазады Egemen.kz.

Балқашта 8 жастағы баланы ұрған айыпталушы тағы екі айға қамауда болады

Балқашта орын алған бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары дереу тиісті шаралар қабылдады. Қазіргі уақытта тергеу ісі Қарағанды облысы полиция департаментінің ерекше бақылауында.

— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот шешімімен оған екі ай мерзімге қамау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды, — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты толық тергеу жалғасуда, күдіктінің жауапкершілігі мен қылмыстық іс қозғалуына байланысты барлық қажетті процессуалдық шаралар қабылданып жатыр.