Оқиға • Бүгін, 16:44

Атырауда жол апатынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласынан Индер ауданына қатынайтын жолда «ГАЗель» мен «Suzuki» мотоциклі соқтығысты. Соның салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жол апатынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды

Фото: zakon.kz

Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін, 11 тамызда сағат 12:00 шамасында болған.

«Атырау-Индер тас жолында «ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылыс жасаған. Сол кезде қарама қарсы бағытта келе жатқан «Suzuki» мотоциклімен соқтығысты. Жол апатынан 1994 жылғы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр», деп хабарлады полиция басқармасынан.