
«Құрметті жерлестер!
Сіздерді ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, халқымыздың рухани шамшырағы — Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Абай – қазақ ұлтының ар-ожданы, сөз өнерінің шыңы, адамгершілік пен парасаттылықтың символы. Оның мұрасы – мәңгілік. Абайдың әрбір өлеңі мен қара сөзі – ұлтты ұйыстыратын, адамзатты биік мақсаттарға жетелейтін рухани қазына.
Бүгінгі ұрпақ Абай ілімінен өнеге алып, оның рухани мұрасын жаңғырту арқылы елдік сананы күшейтіп келеді. Бұл – Абайға деген шынайы құрметтің белгісі.
Осы айтулы күнде баршаңызға денсаулық, береке, татулық және Абай аманатына адалдық тілеймін. Ұлы Абайдың сөзі – жүрегімізде, рухы – халқымен бірге мәңгі жасайды!», – делінген құттықтауда.