КӨКШЕТАУ. 17 ақпан. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Атбасар қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Заманалық сәулеттегі және барлық қолайлылықтар қарастырылған көпқабатты 45 пәтерлік үйдің кілттерін тапсыру ұмытылмас әсердегі салтанатқа айналды. Осындағы барлық 45 пәтерде мол дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылды. Әсіресе, әкімді суретке түсуге сүйрелеген балалардың қуанышында шек жоқ.
Біз 2 бөлмелі пәтердің кілтіне ие болған жас ана Гүлнәр Төсенованың босағасына құтты болсын айттық.
Гүлнәрдің отбасы өзен жиегіне жақын әрі саманнан тұрғызылған үйді ұзақ жылдар қоныс еткен. Күтпеген апаттан заматта зардап шеккендер де солар болыпты. Алғашында жатақхананың ұядай бөлмесінен уақытша орын тигенде кәдімгідей қуанған. Міне, бүгін жарқыраған жаңа пәтерге қолы жетіп, балаларымен бірге мәре-сәре болуда.
«Мен үй-ішімнің атынан, басымызға күн туған сәтте жылы сөзін аямаған жерлестеріме, көмек қолын созған жергілікті билік өкілдеріне алғысымды айтамын, – дейді Гүлнар Төсенова, – Тіпті, Елбасының өзі жағдайымызды қадағалап, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастағын арнайы комиссияны жіберуі, өзіміздің облыс әкімі Сергей Витальевичтің күн құрғатпай бізден хабар алып тұрғаны мемлекетіміздің қоғам мүшелеріне деген қамқорлығының шексіздігін білдіреді. Мен осындай Отанымның барлығына масаттанамын. Балаларым да осы елдің бір тұтқасы болса екен деп армандаймын».
Атбасар қаласында, көктемгі су тасқыны кезінде 559 апат зардабын шеккен болатын. Оның ішінде 208 үй авариялық жағдайда деп танылып, ал 350-іне күрделі жөндеу қажет деп шешілгенін еске сала кеткіміз келеді. Төтенше жағдайды жою бойынша іс-шаралардың нәтижесінде үйсіз қалған 208 отбасы баспаналы болды. Бұл үшін әрқайсысы 45 пәтерлік төрт үй салынып, бұрынғы жатақхана ғимараты 29 пәтерлік тұрғын жай ретінде қайта құрастырылудан өтті.
Қалада сондай-ақ, жартылай су астында қалған №1 орта мектеп пен 350 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 21,4 шақырым көше қалпына келтірілді. Сөйтіп, Атбасардағы төтенше жағдай зардаптарын жою жөніндегі жұмыс жоспарына енгізілген барлық шаралар толық көлемде орындалды.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 17 Ақпан, 2015
Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерлерге жайғасты

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19