Қоғам • Кеше

Астанада жеткіншектің қос аяғынан айырылуына себепкер болған автобус жүргізушісі жазадан босатылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автобус бағанға соғылып, салдарынан кішкентай қыз ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылған болатын, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жеткіншектің қос аяғынан айырылуына себепкер болған автобус жүргізушісі жазадан босатылды

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған іс бойынша автобус жүргізушісіне рақымшылық жасалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Жол қозғалысы ережелерін бұзу арқылы адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге себеп болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс материалдары мен сараптама қорытындысы жүргізушінің кінәсін растады. Қазақстан Республикасының "Рақымшылық жасау туралы" Заңына сәйкес, күдікті тарапынан қылмыстық қудалауды тоқтату жөнінде өтініш келіп түсті, – делінген ресми хабарламада.

Қылмыстық іс рақымшылық актісіне сәйкес тоқтатылғаны мәлімделді.

– Қылмыстық іс тоқтатылғанына қарамастан, айыпты тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып есептеледі. Сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылыққа және өзге де заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныс Астана қаласының әкімдігіне жолданды, – деп хабарлады елордалық полиция департаменті.