Жастар • Бүгін, 17:19

«Жастар практикасы» - түлектерге берілген мүмкіндік

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында білім беру ұйымдарының түлектері үшін жастар практикасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жастар практикасы» - түлектерге берілген мүмкіндік

Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды. Жалақы мемлекеттік бюджеттен 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК - 117 960 теңге) мөлшерінде төленеді.

х

Бұл журналист лауазымы бойынша жұмыс толық жұмыспен қамту түрінде ұйымдастырылады. Жұмыс аптасы бес күннен тұрады (5/2 кестесі бойынша), күнделікті жұмыс уақыты – 8 сағат. Жұмыс берушінің кеңсесінде офлайн форматта орындалады.

з

Аталған лауазымға орналасу үшін еңбек өтілі талап етілмейді, яғни жұмыс тәжірибесі жоқ түлектер де қатыса алады. Жалақы айына бір рет төленеді.

Функционалдық міндеттері:

  • Ақпаратты іздеу, жинау және талдау;
  • Әлеуметтік желілерде жаңалықтар ленталары мен өкілдіктерді жүргізу;
  • Компанияның Интернеттегі, әлеуметтік желілердегі веб-парағын қолдау;
  • Сұхбат арқылы жергілікті, ұлттық және халықаралық жаңалықтарды жинау;
  • Баспасөз конференцияларында саяси және басқа да қоғам қайраткерлерімен сұхбат;
  • Редакциялық мақалалар жазу және түсініктемелер дайындау;
  • Оқиғалар ағынын талдау, өзекті оқиғаларды өңдеу, материал жазу;

Талаптар:

  • Жұмыс тәжірибесі - қажет емес.
  • Білімі жоғары.