
Фото: russia.ru
Ал Қазақстан атынан 9 команда бақ сынайды. Командалар ұлттық жоба аясындағы жаңа форматтағы «Келешек мектептері» желісінің оқушыларынан құрылған. Ұлттық құрамаға іріктеуден іркілмей өткен Шымкент, Алматы қалаларының, сондай-ақ Түркістан және Қызылорда облыстарының оқушылары енген.
«Бүгінде елімізде 300 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа форматтағы 128 мектеп салынды. «Келешек мектептерінің» заманауи STEM-зертханалармен жабдықталуы – әр өңірдегі оқушылардың инженерлік әрі ғылыми әлеуетін дамытуға жол ашты. Нәтижесінде, олар халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар ретінде қалыптасып келеді», деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.
Макаодағы чемпионат қатысушылар үшін тек техникалық сын ғана емес, мәдени алмасу, әлемдік тәжірибе жинақтау және халықаралық ынтымақтастықтың мүмкіндігі. Биылғы жарыс тақырыбы мұхит пен су ресурстарын зерттеуге арналып отыр. Қазақстандық оқушылар осы бағытта өздерінің инженерлік шешімдері мен ғылыми жобаларын ұсынады.