
Жаңа техникалар суару каналдарын механикалық тазалау мен гидротехникалық құрылыстарды жөндеуге пайдалана бастады. Жалпы алғанда, «Қазсушар» филиалдарына барлығы 757 автокөлік пен құрал-жабдық беру жоспарланып отыр.
Министрлік ұсынған техникалар қатарында экскаватор, тиегіш, шынжыр табанды экскаватор, трактор, тіркеме, самосвал, тартқыш көлік, автокран, жанармай тасымалдағыш, қосалқы құрал-жабдық пен дизельді генераторлар бар.
«Жаңа техникалар вегетация кезеңінің тұрақты өтуіне жағдай жасау үшін, соның қатарында каналдардың өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында оларды тазалау жұмысына қолданылады. Қазір «Қазсушар» филиалдары жалпы ұзындығы 2 011 шақырым болатын суару каналдарында механикалық тазалау жұмысын жүргізуде, оның 780 шақырымында жұмыс аяқталды», деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.