Аймақтар • Бүгін, 11:09

Ұлытау облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік жүріп жатыр

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылдың 4-10 тамызы аралығында Ұлытау облысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени-ағартушылық онкүндік өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік жүріп жатыр

Фото: nlrk.kz

Іс-шараның басы 4 - ші тамыз күні Ұлытау ауданындағы Абай ескерткішінің жанында өткен танымдық және әдеби-сазды кешпен басталды. Облыстың барлық аудандары мен қалаларында Абай мұрасын ұлықтауға арналған кештер, концерттер, көрмелер, оқулар мен шығармашылық кездесулер жоспарланған.

Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларында және Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында түрлі форматтағы шаралар, соның ішінде «Абай керуені», «Абай оқулары», «Абай мұрасы – мәңгілік қазына» атты әдеби-музыкалық бағдарламалар өтеді.

Тамыз айының 10-ы күні Жезқазған қаласында гүл шоқтарын қою рәсімі, қорытынды әдеби сапар, облыстық ақындар мүшәйрасы және Абай әндерінен үлкен концертпен қорытындыланады.

Аталған іс-шаралар Абайдың рухани мұрасын дәріптеп, жас ұрпаққа өнеге етуге бағытталған.

Ұлытау облысы