Медицина • 05 Тамыз, 2025

Жамбыл облысындағы ауруханаларды реконструкциялауға қаражат бөлінді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысындағы ауруханаларды реконструкциялауға қаражат бөлінді

Фото: naryntany.kz

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жамбыл облысының Меркі және Талас аудандарындағы ауданаралық көпбейінді орталық ауруханаларды реконструкциялау көзделген. Осы мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан 2,4 млрд теңге бөлінді.

Мәселен, қайтарылған активтердің бір бөлігі Талас аудандық көпсалалы орталық аурухананы реконструкциялауға бағытталмақ. Қарастырылған қаражат көлемі – 2,3 млрд теңге.

Ал Меркі аудандық көпсалалы орталық аурухананың қабылдау бөлімшесін жөндеуге 144,9 млн теңге жұмсалмақ. Құрылыс жұмыстары соңғы сатысында жүріп жатыр. Нысанды пайдалануға беру жыл соңына жоспарланған.

Жалпы алғанда, 2025 жылы Арнаулы мемлекеттік қордан Жамбыл облысында төрт денсаулық сақтау нысанын іске қосуға 2,8 млрд теңге бағытталған. Бұған дейін Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулаторияның құрылысы салынғаны туралы хабарланған болатын. Олардың әрқайсысы тәулігіне 45 келушіге дейін қабылдай алады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025