Қоғам • Бүгін, 09:35

Пойызға кешіксеңіз, билет құнын қайтаруға болады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жолаушылар пойызға кешіккен жағдайда билетінің құнын толығымен жоғалтпай, оның бір бөлігін қайтарып алуына мүмкіндік бар. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы ресми түрде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Пойызға кешіксеңіз, билет құнын қайтаруға болады

Фото: Әділет Беремқұлов

Компания мәліметінше, егер жолаушы билетінде көрсетілген стансадан пойыз жөнелтілгеннен кейін бір сағаттың ішінде вокзал кассасына жүгінсе, билет құнын жартылай қайтарып ала алады. Алайда бұл мүмкіндікті пайдалану үшін нақты талаптар сақталуы тиіс.

«Алдымен жолаушы вокзалдағы билет кассасына баруы керек. Қайтару рәсімі үшін жеке куәлік пен билет қажет. Билет құнын қайтару мөлшері мен мерзімі теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк тасымалдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады», делінген компания таратқан ақпаратта.

Егер жолаушы пойыз кеткеннен кейін бір сағаттан кешігіп келсе, онда билет құны қайтарылмайды. Сондықтан осындай жағдайда уақыт оздырмай, дереу вокзал кассасына жүгіну қажет.