ӨСКЕМЕН. 17 ақпан. «Нұр Отан» партиясы Тарбағатай аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде «Қолғабыс» акциясы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тарбағатайлық жастар Сәтпаев ауылдық округінің Көктүбек елді мекенінде тұратын жалғызілікті қарт Қажкен Сейітовтің үйінің алды мен ауласының маңайындағы қарын күреп, отын-суын тасып, қоражайының төбесін бүтіндеп берді. Ал қыздар қарияның үйінің жинап, еденін жуып көмек көрсетті. Сондай-ақ С.Боранбаева, Ж.Қайырбекова сынды әкімшілік қызметкерлері де жастардың акциясына қатысып, өздері даярлаған сыйлықтарын ардагерге табыс етті.
Акцияға Көктүбек орта мектебінің «Қолқанат» атты оқушылар тобы мен ауыл жастары қатысты. Ауыл қарттары жастарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Бұл игі бастама аудан көлемінде жалғасын тапты. Яғни тарбағатайлық жастар аудандағы 17 ауылдық округ пен 65 елді-мекенде тұратын барлық қарт адамдарға жәрдем көрсетуде.
«Жалпы, аудан жастары осындай игі бастамаларды қолға алып, қарттарға сый-құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырып келеді. Соғыс ардагерлеріне, жалғыз басты аналарға, тыл және еңбек ардагерлеріне үнемі көмек көрсетіп, қол ұшын беріп отырамыз. Осындай сауапты да игі шара көпке үлгі екені сөзсіз», – деді партияның аудандағы филиалының «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дархан Кәрібаев.
Думан Анаш.
Дерек: еgemen.kz.
Сурет: «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы.
• 17 Ақпан, 2015
Тарбағатай ауданында жасотандықтар «Қолғабыс» акциясын өткізді

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30
Өскеменде жарылыстан кейін ауа сапасы нашарлады ма?
Экология • Бүгін, 14:21
Астанада шілдеден бастап коммуналдық қызмет қымбаттайды
Энергетика • Бүгін, 14:02
Сурдлимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушылары 5,5 млрд теңге сыйақы алды
Спорт • Бүгін, 13:40
ІІМ: Қызметтік иттер көмегімен 50-ден астам кісі өлімі ісі ашылды
Қылмыс • Бүгін, 13:22
Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт заңсыз есірткі өсірген
Оқиға • Бүгін, 13:01