Жемқорлық • Бүгін, 09:49

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлік вице-министрінің ұсталғанын растады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік вице-министрі Сәтжан Әблалиевтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлік вице-министрінің ұсталғанын растады

Фото:gov.kz

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстады және сот санкциясымен қамауға алды», делінген хабарламада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске сала кетейік, Сәтжан Әблалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат 2 тамызда пайда болды.Ол кезде оның пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Сәтжан Әблалиев 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ темір жол және коммуникация университетін бітірген.

Әблалиев 2023 жылдың қазан айынан бері көлік вице-министрі қызметін атқарған. Оған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.