
Фото: Видеодан алынған кадр
«360 градус» деп аталатын аттракционның құрылымы қақ ортасынан сынып, салдарынан кемінде 23 адам түрлі жарақат алған.
Бейнежазбадан аттракционның сынып, ондағы кабинаның бір бөлігінің жерге құлап түскені және адамдардың қорыққан дауыстары анық естіледі.
Жарақат алғандар дереу медициналық мекемелерге жеткізілген. Қазіргі уақытта олардың жағдайы нақты анықталып жатыр.
Оқиғаның себептері бойынша тергеу басталған.