
Фото: ҰОК
Додада Орталық және Батыс Азияның 16 жасқа дейінгі ең мықты 16 теннисшісі бақ сынайды.
Жарыс финалистері қазан айында Жапонияда өтетін турнирге жолдама алып, сол жерде 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турниріне берілетін жалғыз жолдаманы жеңіп алуға тырысады.
Биылғы турнирге Өзбекстан, Қырғызстан, Иордания, Иран, Сауд Арабиясы және Түрікменстаннан келген жас спортшылар қатысады.
Қазақстан атынан беделді жарысқа Родион Трайгель, Мансұр Саинов, Ратмир Пулькевич, Аңсар Ниетқалиев, Даниэль Юрекли, Еркежан Жанатаева, Әдия Омарбек, Ляйсан Нұрышева, Каролина Лигай, Гаухар Ақтан, Зинира Жүнісова және София Малышева қатысады.