Елорда • Кеше

Елордада кезекті жәрмеңке өтеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде өңірлердегі ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және шаруа қожалықтарының азық-түлік өнімдері ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.

Елордада кезекті жәрмеңке өтеді

Фото: Қала әкімдігі

Жәрмеңке 2-3 тамыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тас жолы, 35 мекенжайында орналасқан «KERYEN JOLY» сауда орталығында өтеді. Келушілерге жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, нан-тоқаштар, бал, тосап, табиғи шырындар және басқа тауарлар қолжетімді бағада сатылады,

Астана әкімдігінің мәліметінше дәл сол күндері, яғни 2-3 тамыз аралығында, қала тұрғындарына жақсы таныс келесі алаңдарда демалыс күндерге арналған жәрмеңкелер ұйымдастырылады:

  • «Көктал» сауда-ойын-сауық орталығының аумағы (Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а);
  • Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайы («Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде).

Жәрмеңке алаңдары сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.