Оқиға • Кеше

Камчатка жағалауында бір сағатта сегіз жер сілкінісі тіркелді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы бір сағат ішінде Камчатка түбегі жағалауында сегіз жер сілкінісі болған. Жер асты дүмпулері 4,5-тен 6,7 балға дейінгі магнитудамен тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Камчатка жағалауында бір сағатта сегіз жер сілкінісі тіркелді

Фото: Ашық дереккөз

30 шілде күні Камчатка өлкесінде 1952 жылдан бергі ең қуатты жер сілкінісі тіркелген. Түрлі бағалар бойынша оның магнитудасы 8,7-ге жеткен. Солтүстік-Курильск жағалауына цунами соғып, Тынық мұхиты аймағындағы бірнеше елде цунами қаупі жарияланған.

Ал Чилиде толқын биіктігі 2,5 метрге дейін жеткен. Жапонияда шамамен 2 миллион адамға эвакуациялау туралы ұсыныс жасалды. Гавай аралдарында 1,2 метрлік толқындар тіркелген.