Аймақтар • Кеше

Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кеткен

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында 2025 жылдың басынан бері 8 адам суға кетіп, мерт болған Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Қайғылы жағдайлардың үшеуі – балаларға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында жыл басынан бері 8 адам суға батып кеткен

Фото: Ашық дереккөз

ТЖД мәліметінше, маусым-шілде айларында аптап ыстыққа байланысты суға шомылу жиілеп, 5 адам қаза тапқан.

«Жаз мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 5 адам суға батып кетті. Оның ішінде 3 бала бар. Жайық өзені бойында және басқа да су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күнделікті рейдтер жалғасып жатыр», деді ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау майоры Жантөре Демешов.

Сәуірде құтқарушылар екі ересек адамды, ал мамырда бір баланы судан аман алып қалған.

Айта кетейік, 2025 жылдың маусым-шілдесінде жүргізілген профилактикалық рейдтер барысында ҚР ӘҚБтК 412-бабына сәйкес 83 адамға әкімшілік хаттама толтырылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы өңірде 9 адам суға кетіп қаза тапқан, олардың төртеуі – бала. Атырау облысының ТЖД тұрғындарды өз қауіпсіздігіне мұқият болуға және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануға шақырады.