
Фото: Ашық дереккөз
Мамандардың айтуынша, көшбасшы елдерде құқық қорғау органдарының тиімділігі, қоғамдық тәртіпті сақтау деңгейі жоғары және қылмыс аз тіркеледі. Мұндай факторлар бұл мемлекеттерді шетелдік инвесторлар, экспаттар мен туристер үшін тартымды етеді.
Қауіпсіздік деңгейі ең жоғары елдер бестігі (балдық көрсеткішпен):
- БАӘ – 85,2;
- Андорра – 84,8;
- Катар – 84,6;
- Тайвань – 83;
- Оман – 81,8.
Ал керісінше, қауіпсіздігі ең төмен елдер қатарына қылмыс жиі тіркелетін, құқықтық жүйесі әлсіз және саяси тұрақсыз мемлекеттер енген:
- Папуа – Жаңа Гвинея – 19,3;
- Гаити – 19;
- Венесуэла – 19,5;
- Ауғанстан – 24,8;
- Оңтүстік Африка – 25,4.
Ал АҚШ 91-орыннан көрініп, 50,8 балл жинаса, Ұлыбритания 86-орынға жайғасқан (51,76 балл). Қауіпсіздік көрсеткіштерінің төмен болуына қылмыстың өсуі, әсіресе ірі қалалардағы жағдай мен халықтың құқық қорғау органдарына сенімінің азаюы әсер еткен.
Numbeo қауіпсіздік индексі азаматтардың өз елдеріндегі қауіпсіздік жайлы субъективті бағалауларына негізделген. Рейтингке биыл 146 ел енген.