
Рейтинг азаматтардың өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, сенім деңгейі, еркіндік, жомарттық сияқты факторлар бойынша анықталады. Исландия халқы небәрі 400 мыңға жуық. Бірақ олар өзара сенімділік пен ортақ жауапкершілікке негізделген қоғамда өмір сүреді. Елде табыс тең бөлінеді, сыбайлас жемқорлық деңгейі өте төмен, ал білім мен денсаулық сақтау саласы әлемдегі ең сапалы жүйелердің қатарында.