
Салыстыру мақсатында мысал келтірсек, Ресейде баға өсімі 1,4% болса, Қырғызстанда 0,2% ғана болған. Армения мен Беларусьта жеңіл автокөліктер арзандаған. Ал 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында тек Қазақстан (+9,3%) мен Ресейде (+2,8%) ғана баға өскені байқалған.
Елдегі бағаның күрт өсуіне жаңа автокөліктердің қымбаттауы себеп. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл сегментте баға маусым айында өткен жылмен салыстырғанда 21,3%-ға өскен. Ал қолданыстағы автокөліктердің бағасы, керісінше, ресми дерек бойынша төмендеген.
Елімізде сондай-ақ азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі де ЕАЭО елдері ішінде ең жоғары деңгейде. Ал азық-түлік инфляциясы, керісінше, одақтың орташа көрсеткішінен төмен.