Қоғам • Кеше

Енді такси қызметін пайдаланғандарға кэшбек қайтарылады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел азаматтары такси қызметін пайдаланғаны үшін 2%-ға дейін кэшбэк алып, бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Бұл туралы салық мәліметтері операторы «Бухта» хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Енді такси қызметін пайдаланғандарға кэшбек қайтарылады

Компания мемлекеттік «Чектерді бер – жүлдені ұтып ал» бағдарламасының әріптесі атанып, енді Яндекс Go сияқты такси қызметтері арқылы төленген чектерге де кэшбэк қайтарылады.

Бағдарлама Amian мобильді қосымшасы арқылы іске асырылады. Қосымшаны App Store немесе Google Play платформаларынан тегін жүктеуге болады. Кэшбэк алу үшін пайдаланушы қызмет үшін төлем жасап, төлем чегін сақтап, оны Amian қосымшасына жүктеуі қажет. Осылайша чекте көрсетілген соманың 2 пайызы қайта есептеліп, банк картасына немесе мобильді балансқа аударылады.

Сонымен қатар бағдарлама аясында түрлі жеңілдіктер мен сыйлықтар ұсынылады. Мәселен, әр тоқсанда әр өңірден ең көп чек жіберген 20 адам 100 мың теңгеден алады. Яндекс Лавка сервисі арқылы алғашқы тапсырыс бергендерге 50% жеңілдік беріледі. Ал Anutime каршерингінен 5 мың теңгелік жеңілдік немесе басқа да сыйлықтар қарастырылған. Бағдарлама Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасымен жүзеге асырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Кеше