
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
«Жетісай ауданында 66 шаруа қожалығы 1079 гектар жерге өсірілетін дақыл түрін өз бетінше ауыстырған. Ал Мақтаарал ауданында 137 шаруа қожалығы 1128 гектар алқапта дақылдарды өздігінен алмастырған. Бұл өз кезегінде өңірдегі су ресурстарына қосымша жүктеме түсіріп, заңсыз су алу қаупін арттырады», делінген аталған министрліктің хабарламасында.
Қазіргі уақытта барлық заң бұзған шаруалар «Қазсушардың» Түркістан облысындағы филиалымен су жеткізу туралы қосымша келісімдерге қол қойды.
«Бұл келісімдерде олар ылғалды көп қажет ететін дақылдардың егіс көлемін қысқарту шаралары туралы хабардар болғандарын және су тапшылығы туындауы мүмкін екенін білгендерін көрсеткен. Дегенмен олар күріш егу үшін өздеріне жауапкершілік алып, өңірдегі су ресурстары тапшылығы жағдайында күрішті суаруға қажетті көлемде судың берілмеуіне дайын болған», делінген сала министрлігінің хабарламасында.