
Фото: Ашық дереккөз
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, өңірлік жұмыспен қамту карталарында белгіленген негізгі көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету жүктелді.
Өңір басшыларына тұрақты жұмыс орындарын ашуға ерекше назар аудара отырып, жұмыспен қамту бойынша қабылданған жоспарлардың жүзеге асырылуын тікелей бақылауда ұстау тапсырылды.
Ұлттық экономика министрлігіне, салалық мемлекеттік органдар мен әкімдіктермен бірлесе отырып, 2025–2027 жылдары іске асырылатын жобаларға қатысты барлық қажетті деректерді 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне енгізу қажет. Сонымен қатар, келесі жылдың басынан бастап халықты жұмыспен қамту көрсеткіштері бойынша аудан және қала әкімдерінің қызметіне KPI жүйесі енгізілуі тиіс.
Ал Цифрлық даму министрлігіне жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен жеке сектордың деректерін біріктіретін, жаңа жұмыс орындарын ашуды бақылауға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформа әзірлеу тапсырылды.