
Ол министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша кадрларға қажеттілік шамамен 40 мың адамды құрайтынын атап өтті. Бүгінгі таңда жаңа кәсіптер атласы министрлік желісі бойынша 75 жаңа кәсіпті қамтиды.
«Мысалы, металлургия және тау-кен өндірісі саласында смарт жүйелерді әзірлеуші, роботтандырылған тау техникасының операторы, машина жасау саласында – виртуалды прототиптеуші маманы, құрылыста – Big Data талдаушысы, «Ақылды үй» жобалаушысы сияқты жаңа мамандықтар пайда болды. Сонымен қатар, бизнес процестерді автоматтандыруға байланысты 40-тан астам мамандық өзгеріске ұшырады», деді Иран Шархан.
Биыл 190 инвестициялық жобаны іске қосу барысында машина жасауда тағы 8 жаңа мамандық пайда болатыны атап өтілді. Мысалы, олардың қатарында 3D басып шығару және дәнекерлеу инженері, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы бар.